«Сайрам сүт» зауыты өз өнімдерін «Әркімнің дауысы маңызды!» жазбасымен шығарды - ОҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сайрам сүт» зауыты өз өнімдерін «Әркімнің дауысы маңызды!» жазбасымен шығарды - ОҚО

«Сайрам сүт» зауыты өз өнімдерін «Әркімнің дауысы маңызды!» жазбасымен шығарды - ОҚО

ОҚО-дағы «Сайрам сүт» сүт зауыты өзінің сүт, айран, қаймақ өнімдерінің қорабындағы «Әркімнің дауысы маңызды!» жазуымен жұртшылықты сайлауға қатысуға шақырды.

  • 9 Сәуiр 2015
  • 916
Фото - Caravan.kz

Кәсіпорын өнімдеріне барлығы «Әркімнің дауысы маңызды!» жазуы бар 10 мың стикерді жапсыруды көздеп отыр.

Қазақстандық «Сайрам сүт» зауыты экологиялық таза өнім шығарады. Олар бизнесмендер мен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының акциясын қолдады.

«Жуырда зауыт сүтті қайта өңдеу қуаттылығын жылына 500 тоннаға жеткізді», — деп хабарлады ОҚО-дағы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметінен.


«Сайрам сүт» зауыты ҮИИД бағдарламасы аясында жаңа қондырғы сатып алу үшін жеңілдетілген несие алды. Бұл өнімнің 25 түрін шығаруға мүмкіндік берді. Бұл көлем облыс сұранысының 30% қанағаттандыруға қауқарлы.