Сайран көліне ағып өлгісі келген 26 жастағы қыз құтқарылды - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайран көліне ағып өлгісі келген 26 жастағы қыз құтқарылды - Алматы

Сайран көліне ағып өлгісі келген 26 жастағы қыз құтқарылды - Алматы

Алматы құтқарушылары Сайран көліне ағып өлгісі келген бойжеткенді құтқарды. 26 жасар қыз бала бүгін түнде өмірімен қош айтысқысы келген.

  • 6 Тамыз 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова хабарлады.

Түнгі 03.05-те дереу әрекет еткен құтқарушылар  алғашқы көмек көрсетіп, қыздың өмірін арашалап қалды.

Қазір қыз №7 ауруханаға жеткізілді.

Гаухар Нөкербекова көлге шомылуға келгендердің қауіпсіздік шараларын сақтанбауының салдары қауіпті жағдайда әкеп соғып жатқанын жеткізді.

Кеше 19:25-те Сайраннан 27 және 16 жастағы бозбалалар құтқарылды. Екеуіне де сол жерде құтқарушылар реанимациялық әрекет жасап, жедел жәрдем арқылы №7 ауруханаға жеткізді.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қала әкімі Ахметжан Есімовтың тапсыруымен Сайран көлінде тәулік бойғы кезекшілік жүргізіліп жатқанын айтты. 4 құтқарушы, 1 дәрігерден тұратын бригада суға түскендердің қауіпсіздігін күзетіп жүр. 


Соңғы жаңалықтар