Caravan Logo

Сайран көліне ағып өлгісі келген 26 жастағы қыз құтқарылды - Алматы

Сайран көліне ағып өлгісі келген 26 жастағы қыз құтқарылды - Алматы

Бұл туралы қалалық Құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Гаухар Нөкербекова хабарлады.

Түнгі 03.05-те дереу әрекет еткен құтқарушылар  алғашқы көмек көрсетіп, қыздың өмірін арашалап қалды.

Қазір қыз №7 ауруханаға жеткізілді.

Гаухар Нөкербекова көлге шомылуға келгендердің қауіпсіздік шараларын сақтанбауының салдары қауіпті жағдайда әкеп соғып жатқанын жеткізді.

Кеше 19:25-те Сайраннан 27 және 16 жастағы бозбалалар құтқарылды. Екеуіне де сол жерде құтқарушылар реанимациялық әрекет жасап, жедел жәрдем арқылы №7 ауруханаға жеткізді.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қала әкімі Ахметжан Есімовтың тапсыруымен Сайран көлінде тәулік бойғы кезекшілік жүргізіліп жатқанын айтты. 4 құтқарушы, 1 дәрігерден тұратын бригада суға түскендердің қауіпсіздігін күзетіп жүр.