Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары 75 пайызға орындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
6 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары 75 пайызға орындалды

Сайран көлінің жағалауын абаттандыру жұмыстары 75 пайызға орындалды

2024 жылдың желтоқсан айында Сайран көлін абаттандыру бойынша негізгі құрылыс жұмыстары бітті.

  • 7 Ақпан
  • 2
Фото: Алматы әкімдігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыдағы үлкен жобаларыдың бірі – Сайран көлінің жағалауын абаттандыру.

Алматы әкімдігінен атап өткендей, 2024 жылдың желтоқсанында негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды. Қазір жұмыстар 75%-ға орындалды. Осы жылдың сәуір-мамыр айларында брусчатка төсеу, шағын архитектуралық формалар орнату жұмыстары аяқталады. Сондай-ақ 200 ірі үлкен жапырақты жасыл желекті отырғызылады.

Осыған дейін шаһар басшысы Ерболат Досаев мердігер ұйымға барлық құрылыс, инженерлік-техникалық және санитарлық нормаларды сақтай отырып, барлық жұмыстарды белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырған болатын. https://kaz.inform.kz/news/sayran-kolnn-zhagalauin-abattandiru-zhumistari-keles-zhili-ayaktaladi-772a7d/

Естеріңізге сала кетейік, жобаны іске асыру 2024 жылдың ақпан айында басталған болатын. Жобаға сәйкес, Сайран көлінің екі жағалауы суға жақын маңда ұзындығы 2,5 км бірыңғай серуендеу жағалауына қосылатын болады, сондай-ақ қолданыстағы көпір арқылы 3,5 км және Абай даңғылына шығатын 4,5 км серуендеу маршруттары қолжетімді болады.

Бұған дейін қала әкімдігі жобаның эскиздерін ұсынған еді. 

2023 жылы Сайран су қоймасының түбі 50 жылда алғаш рет тазартылды. Механикалық тазалау нәтижелеріне 142 мың текше метр лай және 23 тонна тұрмыстық қоқыс шығарылды.

Перейти к новостям спорта