"Сақал қойып, тәспісін ұстап отырады": Абзал Құспан алаяқтар мен қылмыскерлер туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Сақал қойып, тәспісін ұстап отырады": Абзал Құспан алаяқтар мен қылмыскерлер туралы

"Сақал қойып, тәспісін ұстап отырады": Абзал Құспан алаяқтар мен қылмыскерлер туралы

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан діни радикализмнің түрмеден басталып жатқанын айтты.

  • 6 Қараша
  • 399
Фото: Видеодан алынған кадр

Бұл туралы ол Erbol Seilkhan You Tube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Діни радикализм өкілдері өздерінің идеологиясымен барған жерін бүлдіреді. Бізде діннің бәрі түрмеден асқынып шығып жатыр. Мен адвокат ретінде жақсы білемін түрмеге түскен адамдар басына ақ телпегін киіп, сақалын шығарып, қолына тәспісін ұстап отырады. Былай қарасаң алаяқтың алаяғы, қылмыскердің қылмыскері. Бізде діни бағыты күмәнді танымал адамдар бар. Бірақ олардың біреуіне де тиіскен жоқ. Көп жағдайда жабық есік жиындарында менен басқа Ермұрат Бәпи, Ринат Зайытов, Айдос Сарым, Аманжол Әлтай айтып жатыр. Айтудан кенде емеспіз. Үлкен дайындықпен шешім қабылданатын шығар деп үміттенемін», — дейді депутат.

Сондай-ақ, Абзал Құспан Талғар қаласында бір топ адамның қолынан қаза тапқан Шерзаттың ісінде прокуратура органдарын «кеш қимылдады, ақпаратты дер кезінде таратпады» деп сынады.

«Қылмыстық кодексте 201 бапта тергеу құпиясы деген бар. Ешқандай жағдайда оны толығымен алып тастай алмаймыз. Бірақ, қазір біз барлық қылмыстық істерді құпияландырып қойдық. Заңның екінші бөлімінде прокурордың рұқсатымен тергеу барысынан ақпарат ашуға болады деген ескертпе бар. Ең алғаш бұл мәселеге 2022 жылы қаңтарда Дикий Арман көз алдымызда батырға айналып келе жатқан кезде шүйліктім. Халық арасында Дикий Арман ұлтты құтқаруға келген-мыс деген әңгіме тарай бастады. Содан кейін мен дабыл қақтым. Президенттің кеңесшісі Ерлан Қаринге жеке жолығып бұлай болмайды, қолдан батыр жасап жатыр. Қазір жабулы қазан деп жауып қойсақ, сотқа дейін батырға айналып үлгереді деп айттым. Содан кейін біз детальдарды жариялауға мәжбүр болдық. Кейбір істерді бәрін тергеу құпиясы демей прокуратура белсендірек болу керек деген ұсыныс біздің тараптан сол кезде айтылған. Талғардағы оқиға кезінде де дәл осы жағдай. Кейіннен барып видеоларды көрсетіп бастады. Соның өзінде прокуратура органдары кеш қимылдады», — дейді ол.