Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik Казахстан-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Бибосынов Белградта өткен бокстан әлем чемпионатында 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды.
Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Мүслім хабарлады.
"Әлем чемпионы Сәкен Бибосыновқа Түркістан қаласынан екі бөлмелі пәтер беріледі. Боксшымен кездесіп, оны жеңісімен құттықтаған облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырма берді", — деп жазды ол Facebook парақшасында.
Айта кетері, Белградтағы әлем чемпионатында Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта топ жарды. Финалда ол америкалық Роско Хилдан басым түсті.
Сондай-ақ мәдениет және спорт министрлігі түрлі халықаралық жарыстар мен Олимпиада ойындарындағы жеңісіне, соның ішінде әлем чемпионаттарында бірінші орын алған спортшыға 15 000 АҚШ доллары көлемінде ақша береді.
Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев әлем біріншілігінің чемпиондары мен жүлдегерлеріне өз атынан қосымша сыйақы беретінін айтты. Федерация ақпаратына сүйенсек, бірінші орын үшін 70 мың АҚШ доллары көлемінде ақшалай сертификат табысталады.
Сәкен Бибосынов – 1997 жылы туған қазақстандық боксшы, 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері.