Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Осыдан бірер ай бұрын Майғазиев қуанышты хабарды елге жеткізген болатын. Жеті баланың әкесі атануды армандайтын ол келіншегінің аяғы ауыр екенін қуана хабарлады. Мамыр айында босанатынын да жасырмады. Майғазиевтің үшінші қызы ата-анасын ұзақ күттіріп, көктемнің соңғы күнінде жарық дүниеге келген-ді.
Сүйінші хабарды алғаш болып журналист Анна Данченко хабарлады.
“Сүйінші! Сәкен Майғазиев мырза мен жары Динара xанымның отбасында үлкен қуаныш – керемет жұп қызды болды! Бауы берік болсын!” – деп құттықтады ол.
“Аллаh – ұлық! Сүйінші! Әділетімнің үш қарындасы бар! Шексіз шүкіршілер мен сансыз мақтаулар бір Аллаға болсын! Әр шаңыраққа осындай қуаныш тілейміз”, – деп қуанышымен бөлісті ол.
Айта кетейік, Майғазиевтің тұңғышы Әділет 21 жаста. Сондай-ақ, әншінің Райана және Мәриям есімді қос қызы бар.
Оқи отырыңыз:
Елімізде 72 мыңнан астам әке декреттік демалыста жүр
Димаштың шетелдік фанаттары Қазақстан қалаларын аралайды
Караокесінде шетелдік әндер қосқан астаналық кәсіпкерге 6 млн айыппұл салынды