Саха елінде –71ºC аязда адамдар жұмысқа барады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саха елінде –71ºC аязда адамдар жұмысқа барады

Саха елінде –71ºC аязда адамдар жұмысқа барады

Саха республикасындағы Оймякон аймағында қаңтардың 26-на қараған түні сынап бағанасы –71ºC көрсеткен. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісінде @DedushkaFu есімді адам жария етті.

  • 28 Қаңтар 2020
  • 40
Фото - Caravan.kz

Алматы,NEGE. Оймякон көшелерінен бірнеше сурет жариялаған желі қолданушы: «Мәссаған! Адам қай жерде болсын өмір сүре алады екен ғой» деп таңданысын жасыра алмаған.

Әзірге бұл ақпараттың растығын анықтау мүмкін болмай тұр. Бұған дейін Ресейдің Метеовести сайты Саха еліндегі Делянкир елдімекенінде қыстағы ең төменгі температура  –61,5ºC тіркелгенін хабарлаған еді. Жалпы Оймякон жер бетіндегі адам тіршілік ететін әлемдегі ең суық мекен саналады. Бұған дейін Оймяконда ресми түрде тіркелген ең төменгі температура  –67,7ºC аяз болатын.