Саха елінде ішімдікке мүлдем тыйым салмақ
Саха елінің (Якутия) үкіметі «Салауаттылық туралы» заң жобасын әзірледі, онда республика аумағында алкогольдік ішімдіктердің барлық түрін өндіруге және сатуға тыйым салынбақ, деп хабарлайды РБК. |
Жергілікті өкімет орындары мұндай қатаң шараларға халықтың ішімдікке жаппай салынып кетуі жөнінен елде алғашқы орындардың біріне шығып отырған республикадағы аса қатерлі жағдайға байланысты барып отыр.
Якут өкімет орындары ішімдікке тұсау салуға біраздан бері әрекеттеніп келеді. Бүгінде жергілікті дүкендерде спирттік ішіміктерді сағат 14-тен 20-ға дейінгі аралықта ғана сатып алуға болады. 2010 жылдың 1 қарашасынан мұндай шара қуаттылығы 15 градустан асатын ішімдіктерге қатысты қолға алынған болса, 2012 жылдың 1 маусымынан бастап алкоголь сусындарының барлық түріне, тіпті сыраға да осындай шектеу қойылады.
Осы аптада республика үкіметінің сайтында «Салауаттылық туралы» заң жобасының мәтіні жарияланды. Онда Саха Республикасының (Якутияның) бүкіл аумағында, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыру орындарында алкоголь өнімдерін өндіру мен сатуға толық тыйым салу көзделген.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін