Жарияланды: 410

С.Ахметов: Елішілік және шетелдегі көліктік-логистикалық орталықтар желісін құрудың кешенді жоспарын әзірлеу қажет

Елішілік, сондай-ақ шетелдегі көліктік-логистикалық орталықтар желісін құрудың кешенді жоспарын әзірлеу қажет.

Бұл туралы бүгін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов айтты. «Елішілік, сондай-ақ шетелдегі көліктік-логистикалық орталықтар желісін құру бойынша кешенді жоспар әзірлеу қажет. Сыртқы нарықтарға одан әрі шығу үшін ел ішінде ғана емес, сонымен бірге шетелдерде де терминалды-сервистік инфрақұрылымдарды дамыту керек», - деді ол. Бұл ретте Үкімет басшысы «неліктен?» деген сауалдың да нақты жауабын беріп өтті. «Өйткені біз теңізге ашық шығу мүмкіншілігі жоқ елміз. Сондықтан да біздерге сервистік, заманауи инфрақұрылым қажет. Бізге оны дамыту керек», - деді С.Ахметов. Сонымен қатар Премьер-Министрдің атап өтуінше, шекара маңындағы көліктік-логистикалық орталықтар желісін дамыту да барынша өзекті болып табылады. Бұл ретте шығыс қақпа болып саналатын «Қорғас» пен «Достық», батыс қақпа есептелетін Ақтау теңіз айлағының зор маңызы бар. «Бұл ретте біздерге «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастығы орталығының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру қажет болады», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін