Жарияланды: 250

С.Ахметов сумен, жылумен, энергиямен қамтамасыз етуде қиындықтары бар елді мекендердің картасын әзірлеуді жүктеді

Премьер-Министр Серік Ахметов сумен, жылумен, энергиямен қамтамасыз ету бойынша қиындықтары бар елді мекендердің картасын әзірлеуді тапсырды.

Мұндай тапсырманы ол бүгін Үкімет отырысында жүктеді. «Әр өңірде назар аударуды қажет ететін 3-4 елді мекен бар. Және оларды әкімдер жақсы біледі»,-деді Премьер-Министр. Осы орайда Үкімет басшысы орынбасары Қырымбек Көшербаевқа осындай елді мекендердің картасын облыс әкімдерімен бірлесе даярлауды тапсырды. Бұған қоса С. Ахметов бұл мәселелер жаңа жылу беру маусымына дайындық бойынша шаралардың аясында орындалуы тиіс екендігін қадап айтты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін