С.Ахметовті өлді деп жалған мәлімет таратқан азаматқа айыппұл салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Ахметовті өлді деп жалған мәлімет таратқан азаматқа айыппұл салынды

С.Ахметовті өлді деп жалған мәлімет таратқан азаматқа айыппұл салынды

Экс-премьер Серік Ахметовті әлеуметтік желіде өлді деп жалған мәлімет таратқан азаматқа 2 млн. теңге айыппұл салынды. Жамбылдық Жандос Байшеміров үкім заңды күшіне енген соң бір ай көлемінде осынша ақшаны төлеуі тиіс. 

  • 13 Тамыз 2015
  • 365
Фото - Caravan.kz

Естеріңізде салсақ, жыл басында «Серік Нығметұлы қайтыс болды» деген ақпарат елді дүрліктірген еді. Артынша оның қауесет екені анықталды. Осы хабарды «Вконтакте» желісінде «Руслан Маекеев» деген бүркеншік есіммен Жамбыл облысы Көгершін ауылының 25 жастағы тұрғыны таратқаны анықталды. Сөйтіп, ол қамауға алынып, үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын. Сотта кінәсін мойындап, осы әрекетке жұрт назарына ілігу үшін бардым деп ақталған Байшеміров 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда ол 2 млн. теңге айыппұлмен құтылып отыр.

Соңғы жаңалықтар