С.Ахметовтің қорғаушысы сотта электрондық хат алмасулар мен банктік құжаттарды зерттеуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Ахметовтің қорғаушысы сотта электрондық хат алмасулар мен банктік құжаттарды зерттеуді талап етуде

С.Ахметовтің қорғаушысы сотта электрондық хат алмасулар мен банктік құжаттарды зерттеуді талап етуде

Сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп айыпталған бұрынғы премьер-министр Серік Ахметовтің қорғаушысы

  • 11 Тамыз 2015
  • 503
Фото - Caravan.kz

сотта өз қорғалушысының кінәсіздігін дәлелдеу үшін электрондық хат алмасулар мен банктік құжаттарды зерттеуді талап етуде.

Атап айтқанда, С. Ахметовтің адвокаты Николай Лесник mail.ru және gmail.com әкімшілері арқылы «Металлургия-Металл өңдеу» индустриалдық парк инфрақұрылымы үшін чехиялық жабдықтарды жеткізуге қатысты тапсырыс берушілер, қосалқы мердігерлер, басқа да тұлғалар арасындағы электрондық хат алмасуларды талап етіп, қылмыстық іс материалдарына қосу туралы қолдаухат мәлімдеді.

 «Хат алмасуда ауыстыруға жататын жабдықтың құнын келісу, шарт мазмұнын келісу, ақша бөлуді келісу жайында айтылады. Бұл ретте бұл хат алмасудың негізгі бөлігі жасырылған немесе жойылған. Сондықтан бұл дәлелдерге баға беруден шектеліп отырмыз», — деді ол.

Қорғаушы, сондай-ақ, шетел банктерінен көшірме талап ету қажет дейді. Адвокат бұл С. Ахметовтің ұлының есебіне аударылған ақшаның мән-жайын ашуға жәрдемдеседі деп санайды.


 «Менің қорғалушымды 2011 жылғы мамырда жасалған қосалқы мердігер шартын жасасуға жәрдемдескені үшін пара алды деп айыптауда. Біз шарттық қатынастарды растайтын құжаттарды талап ететінімізді мәлімдедік.   Қосалқы мердігер шартын жасасқан бұл фирмаларда бұрын да шарттық қатынастар болған. Яғни, қорғалушыма пара беруге еш негіз жоқ екенін айтқым келеді», — деп түсіндірді журналистерге Н. Ленсник.

1 2 3

Соңғы жаңалықтар