С.Ахметовтің төрағалығымен «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.62
  • 513.22
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
С.Ахметовтің төрағалығымен «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

С.Ахметовтің төрағалығымен «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

13 желтоқсан күні Астанда ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметовтің төрағалық етуімен Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу стратегиясын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы болып өтті.

  • 14 Желтоқсан 2012
  • 352
Фото - Caravan.kz

Отырыс жұмысына мемлекеттік органдардың, ұлттық холдингтердің басшылары, ҮЕҰ мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Бұл туралы Премьердің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Өзінің кіріспе сөзінде С.Ахметов Үкіметке «жасыл экономикаға» көшу Стратегиясын әзірлеу туралы тапсырманы Мемлекет басшысы бергенін атап өтті.

«Халықаралық аренада Қазақстан қаншама жылдан бері өзін тұрақты дамуға ұмтылушы ел ретінде танытып келеді. Біз Қазақстанның БҰҰ-ның ауа райын өзгерту туралы конвенциясының Киото хаттамасының «Б» қосымшасына енуі туралы келіссөздерді аяқтадық, бұл «жасыл» инвестицияны тарту мүмкіндігін кеңейте түсетін болады», — деді С.Ахметов.

Ол әлемдік қауымдастықтың қазақстандық бастамалар — «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы мен Жаһандық энергия экологиясы стратегиясын қолдағанын атап айтты. 2017 жылы Астана халықаралық ЭКСПО көрмесін қабылдап алады, оның негізі тақырыбы — болашақтың энергиясын дамыту, сондықтан әзірленіп жатқан Старгияның маңыздылығы жаңа жоғары деңгейге көтерілетін болады.

Дайындық жұмыстарының барысы туралы Қоршаған ортаны қорағу министрі Нұрлан Қаппаров баяндама жасады.

«Экономикалық өсудің жаңа «жасыл» бағытына көшу біздің мемлекетіміздің дамудың жаңа сатысына көтерілгендігін білдіреді. Біздің еліміз анағұрлым бәсекеге қабілетті, экономикасы барынша тұрақты және әртарапты болуы қажет, сыртқы жағымсыз жағдайлардың әсеріне қарсылығы тегеурінді бола түсуде, ал мұны қазіргі дамудың шикізаттық моделі ұсына алмайды», — деді ҚОҚМ басшысы.

Отырыс қорытындысы бойынша Үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді, атап айтқанда ҚОҚМ-не, ЭДСМ-не және басқа да мүдделі мемлекеттік органдарға Жұмыс тобының кезең-кезеңмен атқаратын жұмыс жоспарын әзірлеп, оны келесі отырысқа шығаруды тапсырды.