Сахнаға лап қойған көрерменнен әрең аман қалған Ерке Есмахан оқиғаға қатысты жауабын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 522.38
  • 612.6
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
14 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Сахнаға лап қойған көрерменнен әрең аман қалған Ерке Есмахан оқиғаға қатысты жауабын айтты

Сахнаға лап қойған көрерменнен әрең аман қалған Ерке Есмахан оқиғаға қатысты жауабын айтты

Ақтөбедегі тыңдармандарын сынағандарға танымал әнші Ерке Есмахан жауап берді.

  • 14 Тамыз 2017
  • 1304
Фото - Caravan.kz

Сахнаға баса көктеп мініп кеткен ақтөбеліктерге қатысты ол өзінің инстаграмдағы парақшасында «Ешқандай жабайылық емес, бұл сүйіспеншілік» деп жазған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Президент паркінде құрылысшылар мерекесіне орай концерт берген ол жерлестерінің ықыласы мен қошеметіне дән риза болғанын жазады.

«Әріптесіммен (Төреғалимен — ред.) ән айтып тұрғанымызда осындай жағдай болды. Не дегенмен, «Аллоның» орны бір бөлек! «Аллоның тыңдармандары» міне, осындай! Уайымдамаңыздар! Төреғали аман, мен де аман, тек көйлек жыртылды», — дейді Ерке Есмахан.

Естеріңізге сала кетейік, құрылысшылар мерекесіне орай Ерке Есмахан мен Төреғали Төреәлі концерт берген болатын. «Алло» әнін орындап жатқанда тыңдармандар сахнаға лап қойды. Оларды тоқтатуға тәртіп сақшыларының әлі келмеді.


Әншілердің ақтөбелік тыңдармандарының әрекетін желі қолданушылары «жабайылық» деп сынаған болатын.

Айта кетейік, Ерке мен Төреғалидің құрылысшылар мерекесіне арналған Ақтөбедегі концертіне 10 мыңға жуық адам жиналды.

Перейти к новостям спорта