Белгілісі Дианар Наумова бар болғаны 24 жаста. Мәжілістегі ең жас депутат.
Caravan.kz медиа-порталы Динара жайлы өзге де мәліметтер анықтап көрді.
Динара Наумова сал ауруымен дүниеге келген. 3 жасында өз ата-анасы одан бас тартып, әжесінің қолында өскен. Осындай сынақтарға қарамастан Динара біраз жетістікке жеткен екен.
2021 жылы президенттік грант ұтып алып, инклюзивті фитнес орталығын ашады. Қазір онда сау адамдар ақылы түрде, ал мүмкіндігі шектеулі жандар тегін оңалту шараларын өтіп жүр.
Динара Наумова бұл туралы: "Осы жобаны толық жүзеге асыру үшін 6 жылым кетті. Бұл — үлкен еңбек. Дегенімен, сенде арман-мақсат болса, бәріне қол жеткізуге болады", — деген.
Сондай-ақ, ол "Тәуелсіздік ұрпақтары" грантының иегері, Инклюзивті қоғам ассоциациясының президенті, ҚР президенті жастар саясаты кеңесінің мүшесі.
Динара Наумованың желіге жариялаған мына жазбасы көпті толқытқан:
"Мен 10 мың теңге тұрамын. Сот менің биологиялық анама маған ай сайын 10 мың теңге алимент төлеп тұруға шешім шығарады. Содан бері ай сайын, не 2 ай сайын маған 10 мың теңге жіберіп тұрады. Жуырда шотыма осы сумма келіп түскені туралы хабарламаның маған соншалық жайсыздық сыйлайтынына көзім жетті. Еліміздің басты алаңында керемет күйде тұрған едім. Бұндай кездерде мерейіміздің өсіп қалатыны рас қой? Міне сол кезде маған 10 теңге келіп түскені туралы хабарлама келді. Тап бір оның алдындағы бағам осы сома сияқты көрінді. Жәй ғана 10 мың теңге. Мені бәрі құрметтеп жүргенде, ол адам мені 10 мың теңгеге бағалайтыны қынжылтты. Жылап алдым", — деген еді ол.
Айта өтейік, депутаттыққа Respublica партиясының атынан сайланып отыр.