Англиялық "Ливерпуль" мен Мысыр құрамасының шабуылшысы Мохамед Салах жаңадан келуі мүмкін ойыншы үшін клубтан кетуі мүмкін.
The Jerusalem Post ақпаратынша, "қызылдар" израильдік "Ред Булл Зальцбургтің" форварды Моанеу Даббуруға қызығушылық танытуда, ал бұл Салахқа ұнамай отыр.
Испаниялық AS басылымы израйльдік БАҚ-қа сілтеме жасап, мысырлық "Ливерпуль" басшылығына клубта израильдік пайда болса трансфер сұрайтынын хабарлады.
Мысыр мен Израильдің геосаяси қатынастары нашар. Швейцариялық "Базельде" ойнаған кезінде Салах израильдік "Маккаби Тель-Авив" футболшылармен бауымды байладым деген сылтаумен қол алыспаған болатын.