Жарияланды: 890

«Саламатты Қазақстанның» бүгінгі жетістіктері

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобасы» «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға үлкен қолдау болды.

Бүгін Астанада өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай айтты. Министр атап көрсеткендей, жоба аясында отандық денсаулық сақтау саласын реформалаудың нақты жетістіктері мынадай: - денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың прогрессивтік әдістері енгізілуде; - денсаулық сақтау саласының 3 мыңнан астам менеджері оқытылып, еліміздің 35 емдеу мекемесінің өкілі Финляндияға барып, біліктіліктерін көтеріп қайтты; - денсаулық сақтау менеджерлері үшін Ұлыбританияның ұлттық кәсіби стандарттарына негізделген жаңа біліктілік талаптары әзірленді; - аурухана секторын қайта құрылымдау жоспары, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту тұжырымдамасы дайындалып жатыр; - денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі халықаралық қоғамдастық 2012 жылы ауруханаларды аккредиттеудің жаңартылған қазақстандық стандаттарына 2016 жылға дейін сертификат табыстады; - дәрігерлердің біліктіліктерін тәуелсіз бағалау үшін Республикалық білім және дағдылар орталығы құрылып, 6 медициналық жоғарғы оқу орны озық технологиялық оқыту симуляциялық құралғылармен жабдықталды; - азаматтарды дәрімен қамтамасыз етудің қолжетімділігін және сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылды; - тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңнама үйлестіріліп, бақылау тиімділігін арттыру тетіктері әзірленді; «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобасының» мүмкіндіктерін барынша пайдалануды жоспарлап отыр», - дейді С.Қайырбекова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін