Бүгін Астанада өткен жиында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова осылай айтты.
Министр атап көрсеткендей, жоба аясында отандық денсаулық сақтау саласын реформалаудың нақты жетістіктері мынадай:
— денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың прогрессивтік әдістері енгізілуде;
— денсаулық сақтау саласының 3 мыңнан астам менеджері оқытылып, еліміздің 35 емдеу мекемесінің өкілі Финляндияға барып, біліктіліктерін көтеріп қайтты;
— денсаулық сақтау менеджерлері үшін Ұлыбританияның ұлттық кәсіби стандарттарына негізделген жаңа біліктілік талаптары әзірленді;
— аурухана секторын қайта құрылымдау жоспары, денсаулық сақтау саласында мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту тұжырымдамасы дайындалып жатыр;
— денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі халықаралық қоғамдастық 2012 жылы ауруханаларды аккредиттеудің жаңартылған қазақстандық стандаттарына 2016 жылға дейін сертификат табыстады;
— дәрігерлердің біліктіліктерін тәуелсіз бағалау үшін Республикалық білім және дағдылар орталығы құрылып, 6 медициналық жоғарғы оқу орны озық технологиялық оқыту симуляциялық құралғылармен жабдықталды;
— азаматтарды дәрімен қамтамасыз етудің қолжетімділігін және сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыстар атқарылды;
— тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша заңнама үйлестіріліп, бақылау тиімділігін арттыру тетіктері әзірленді;
«Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту — Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауында айтылған міндеттерді іске асыру шеңберінде, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығын ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және институционалдық реформа жүргізу жөніндегі жобасының» мүмкіндіктерін барынша пайдалануды жоспарлап отыр», — дейді С.Қайырбекова.