Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған пилоттық жобаны бұқара назарына ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған пилоттық жобаны бұқара назарына ұсынды

Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі орталық жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған пилоттық жобаны бұқара назарына ұсынды

2003-жылдың соңына дейін Семей мен Өскеменде жастар арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған пилоттық жоба жүзеге асырыла бастайды. Бұл туралы бүгін, 14-қазанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары жөніндегі Ұлттық орталықтың бас директоры Айқан Ақанов хабарлады.

  • 14 Қазан 2003
  • 4183
Фото - Caravan.kz

«Жастар таңдауы » Қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Алин Хаматдиновтың айтуынша, бұл жоба Орталық мамандары мен «Жастар салауатты өмір салты үшін » атты қоғамдық ұйым белсенділерінің күш-жігерімен 3-4 айдың ішінде жүзеге асырылады. Жобаның басты мақсаты — жастардың маскүнемдікке және алкогольді өнімдерді тұтынуға қатысты ой-көзқарасын анықтау, сондай-ақ, жастар арасында, соның ішінде мектеп оқушылары арасындағы маскүнемдіктің алдын алуға арналған тәжірибелік нұсқаулар жобасын әзірлеу болмақ. Бұл зерттеулердің қорытындысы 2004-жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаржылық қолдауымен жүзеге асырыла бастайтын ұлттық жобаға негіз етіп алынады.

А.Ақановтың хабарлауынша, ҚР денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне жүгінсек, бүгінде еліміздегі алкогольге тәуелді адамдардың саны 463 мың адамды немесе еліміздің ересек тұрғындарының 3,1 процентін құрайды. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартына сәйкес, маскүнемдік дертке шалдыққан адам жақындары, туыстары, көршілері мен айналасындағы 10-50 адамның тұрмыс сапасын төмендетеді. Демек, еліміз тұрғындарының жартысына жуығы жанама тәуелді деген сөз.
Соған қарамастан, елімізде маскүнемдік деңгейінің арту қарқыны барған сайын үдеп, осындай дертке шалдыққандар арасындағы жастардың үлес салмағы арта түсуде. Мәселен, 1992-жылдан бері еліміздегі маскүнемдік дертіне шалдығу деңгейі 10 есе артты. Соңғы 3 жылда жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке шалдыққандар үлесі 2 есе артып, әрбір 100 мың тұрғынға шаққанда 410,5 деген көрсеткішті құрап отыр. Бұл ересектер арасындағы осындай көрсеткіштен де артық. Ал балалар арасындағы көрсеткіш те 10 есе өсті.
Жастар арасында маскүнемдіктің өсуіне сыра және күшті спиртті өнімдерді өндірушілердің жастарға бағытталған агрессивті жарнамалық саясаты да бір жағынан түрткі болуда. Соның кесірінен бүгінде жастар арасында сыра- алкогольді ішімдікке жатпайды деген жалған стереотип қалыптасты. Соның салдары ретінде тіпті сырасыз бір күн де шыдай алмайтын «үн шығармайтын сыра алкоголиктері» аталатын топ қалыптасты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымындағы Еуропалық және Оталық Азиялық бюролық бағдарламасының жетекшісі Алмаз Иманбаевтың пайымдауынша, халықты спиртті өнімдермен улаудың қазіргі қарқыны сақталған жағдайда Қазақстан көп кешікпей Ресейдің деңгейіне жетуі мүмкін. Ал Ресей тұрғындарының 8-9 проценті маскүнемдіктен зардап шегеді деген есеп бар.
Осындай ахуалда, Республикалық психология, психотерапия және наркология жөніндегі ғылыми-тәжірибелік орталық директорының орынбасары Ирина Ленскаяның пайымдауынша, осынау аса күрделі әлеуметтік тауқыметпен күрестің ең тиімді тәсілі — дені сау адамдардың немесе ауруға шалдығу қарсаңындағы адамдардың арасында маскүнемдіктің алдын алу болмақ. И.Ленскаяның айтуынша, маскүнемдікпен күрес және оның алдын алуды насихаттаудың ең тиімді жолы — учаскелік дәрігерлер болып табылады. Адамдар әртүрлі себептермен осындай дәрігерлерге жылына 1-4 мәрте хабарласатыны белгілі. Олардың жай ғана алдын-ала ескертуге бағытталған әңгімесінің өзі маскүнемдікке шалдығу қаупін 15 процентке азайтады екен.

Соңғы жаңалықтар