Салидат Қайырбекова күтпеген жерден қызметінен кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салидат Қайырбекова күтпеген жерден  қызметінен кетті

Салидат Қайырбекова күтпеген жерден қызметінен кетті

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрінің тосын әрекетінің себебін әріптестерінің өздері білмейді.

  • 13 Қазан 2015
  • 339
Фото - Caravan.kz

Министрліктегі екінші адам жұмыстан босату жайында өз еркімен арыз жазып берген. Енді қандай қызметке жайғасары да белгісіз. Былтыр Үкіметтегі ауқымды қысқарту кезінде, Салидат Қайырбекованың министрлігі әлеуметпен қосылып, өзі бірінші вице-министр лауазымын місе тұтқан еді. Қайырбекова Денсаулық сақтау министрі болып 2010 жылы, пара алды деп 7 сотталып кейін ақталып шыққан Жақсылық Досқалиевтің орнына келген болатын. Басынан дау арылмайтын саланы реформалауға кіріскенімен, оның барлығы нәтижелі болды деу қиын. Қайырбекованы кімнің алмастыратыны белгісіз. Бірінші вице-министрдің орыны әзірше бос тұр.

Соңғы жаңалықтар