«Қызметкер толысып кетті, жұмысқа қабілеттілік төмендеді, ол көп тамақтанып, аз еңбек етеді. Бұған бір шара қолдану керек. Әйтпесе, ол салмақ қосуды жалғастырады, ал бұл жұмыс сапасына әсер ететін болады», — деп атап өтті қалжың араластыра Тәжікстан ішкі істер министрі. Қызметкерлердің бірімен салауатты өмір салты жөнінде жай ғана әңгіме жүргізілсе, біріне жұмысты жоғалтып алмас үшін арықтауға табанды түрде кеңес берілуде. Тәжікстан ІІМ-нің баспасөз қызметі ел милиционерлеріне ұдайы спортпен шұғылданатын министрді үлгі етті. «Оның футболда көрсеткіштері жақсы, ол шахматты тамаша ойнайды. Өз министрлерінен үлгі алуы керек», — деді Тәжікстан ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Умарджони Эмомали.
Бұл ретте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сәйкес, Тәжікстан тұрғындары посткеңестік елдер арасында семіздікке ең аз шалдығады. Елде артық салмақтан ерлердің — 9, әйелдердің 15 пайызы зардап шегеді. Бұл посткеңестік кеңістікте ең төмен көрсеткіш.