Салондар жабық: Жігіттер қауымы жаппай "тақырбастануда" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салондар жабық: Жігіттер қауымы жаппай "тақырбастануда"

Салондар жабық: Жігіттер қауымы жаппай "тақырбастануда"

Образдарды өзгерткен карантин.

  • 29 Сәуiр 2020
  • 46
Фото - Caravan.kz

Сұлулық салондарының жабылғаны тек нәзік жандарға ғана қиын соққан жоқ. Жігіттер де қарапайым шаш қиятын жер таппай біраз әбігерге түсті. Бірақ ерлер қауымы мәселені ушықтырмай, оны керісінше әзілге айналдыра білгендей. Бір-біріне эстафета жолдап, желіде тақыр бастарын көрсетіп мәз. Алайда бұл челлендждің күлетіндей жайы жоқ екен.

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Шаштарын тақырлатып, бастарын жалтыратып,  бір-біріне челлендж жолдап жүр талай қазақ баласы.  

«Передаю привет челлендж. Всем пацанам. Вообщем давайте шаштарынды алыңдар»   

Карантин не істетпейді? Ешкім өз еркімен тақырбас болып жүргісі келмейді. Амал жоқ.

«Хорошо что ты пришел с цветами, но только я не пойму, что с твоими волосами»

Желіге кірсең, құдды бір "тақырзаман" келген бе дерсің.  Челленджді жасы да, жасамысы да  қолдаған.

Алайда, жұрттан қалмайын деп, күлкіге қалғандары да жоқ емес.

«Ой, оның бәрін бүйту керек еді.  машинканың зарядкасы отырып қалды»

Бұл ретте концерті жоқ, тойы жоқ,  әншілер де шет қалмады.   Оларда да жаңа образ

Ал елдің қамын ойлап, күнде жиыннан қолы босамай жүрген министрлердің жайы қиын. Шаштары өскен. Алайда, кейбір тұрғын карантинде де әдемі болып жүргісі келеді ғой қалайда. Сұранысқа ұсыныс та бар.  Қызметін заңсыз жалғастырып жүрген салондар да бар екені анықталып жатыр. Бірі бүгін әшкере болды.  



«Оно открыто. 6 человек, из них пятеро пришли подстригаться».

АЙНҰР РАҚЫШЕВА,  ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСІРТКІ ҚЫЛМЫЫСЫНА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
«Бесеуі түрікмен азаматы. Олар клиент ретінде келіп шаштарын алдырту уақытында заңбұзушылық анықталды. Қазіргі таңда жеті адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды»

Хош. Әлгінде айтқан челленджге қайта оралсақ. Біздің жастар оны амалдың жоқтығынан енді жасап жатқанда,  шетелде оның белең алғанына 3 ай болған екен. Мұндай бастаманы алғашқылардың бірі болып коронавирустан емделіп жатқан науқастарды қолдау мақсатында қытайлық дәрігерлер бастаған  екен.