Бұл туралы ол Titkok желісіндегі парақшасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Елдос Калабок пен Танчоның жүкті болғанын елдің бәрі тілеулес болып, құттықтаулар келіп жатыр. Біздің клиниканың ұжымына рақметін айтып жатыр. Баласы жоқ жұптарға бала сыйлап, ажырасайын деп жатқан отбасыларды сақтап қалып жатқан бірден бір еңбек ол Салтанат Берденқызы Байқошқарова, менің әпкем. Соның арқасында деп біліңіздер. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын Қазақстанға эконы енгізген және еркектің ұрығы жоқ кезде сол ұрықты табатын сондай заманауи микроскопты Қазақстанға алып келген Байқошқарова. Ондай микроскоп басқа клиникада жоқ, тек біздің клиникада ғана бар», — деді клиника маманы.
Желі оқырмандары «Енді не мақсатпен үндеу бұл? Салтанаттың аты қосып аталмады деген реніш пе?», «Салтанат Байқошарова ханымды не істеп, не жасағанын бүкіл қазақ біледі. Бұл жерде дәрігер Азамат мырзаның аты Қазақстанға аталып кетті. Сол кісінің арқасы деп жатыр ел. Қызғаныш секілді үндеу болып қалды, бұл үндеуіңіз. Меніңше артық сияқты», — деп пікір білдірді.