«Салтанат түсіме бір рет келіп, аян берді»: Айтбек Амангелді - kaz.caravan.kz
  • $ 491.7
  • 531.28
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Салтанат түсіме бір рет келіп, аян берді»: Айтбек Амангелді

«Салтанат түсіме бір рет келіп, аян берді»: Айтбек Амангелді

Айтбек Амангелді – Салтанат Нүкенованың ағасы, туған қарындасының өлімінен кейін тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге көмек көрсетуге арналған еріктілер желісінің негізін қалаған.

  • 12 Сәуiр
  • 64
Фото: caravan.kz

Күйеуінің қолынан қайтыс болған қарындасы, Салтанат Нүкенова осы уақыт аралығында бір рет ғана түсіне кірген екен. Түсінде Салтанат аян берген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Қазір қарындасының есімін қараламай, оның өліміне себепкер болған адамдар заң түрінде қатаң жазалануына барын салуда. Еліміздің білікті адвокаттары көмекке келіп, күн сайын сот процесінде мүдделерін қорғап келеді. Одан бөлек, қаншама қазақстандық марқұмның ағасына жан-жақты қолдау білдіріп келеді.

Айтбек Амангелді Дана Орманбаеваның «Дай слово» бағдарламасына берген сұқбатында түсінде Салтанатты көргенін айтты. Айтуынша, түсі өте анық, ұзақ және шын өмірдегідей болған. 

«Түсімде Салтанатты іздеп жүр екенмін. Неге екенін білмеймін, алдымен университетке барып, іздемекші болдым. Бірақ мені ішіне кіргізбеді. Сол кезде жаныма бір адам келді, бірақ оның түрі жоқ, бұлыңғыр көлеңке сияқты. Күзет бізді Салтанаттың оқытушысына жібергісі келмеді. Жанымдағы образ басқа жолмен баруды ұсынды. Біз оқытушының кабинетіне кіріп, сөйлескіміз келсе, ол үндемей отыр. Жанымдағы адамның көлеңкесі оқытушыға алма ұсынды, жемісті алып, жей бастаған соң, бізбен сөйлесе бастады. Сол сәтте күзет бізді тауып алды. Біз қашып барамыз. Университет бір шыңда орналасқандай. Биікке қарай қашып барамыз, күзет бізді қуып келеді. Төменде сай орналасқан, ол жерде бұлақ ағып тұр. Төменге апаратын жол тік орналасқан. Төменге қарай сумен сырғанап түсіп барамыз. Төменде құдық бар сияқты, бұлақтың суы сол жерге құйылады екен. Жанымдағы көлеңке әрі қарай кетіп қалды, ал мені сол құдыққа сорып әкетті. Су өте суық, мұздай. Қолдарым мен денем суық судан қақсап барады. Әрі қарай бір ауылға тап болдық. Ол жерде үйлер өте көп, жан-жағында жануарлардың барлық түрлері жүр. Ауыл балшыққа толы, өте лас. Жанымдағы көлеңке мені белгілі бір үйге апара жатыр. Алдымыздан әдемі той өткізетін ғимарат шықты. Аппақ мәрмәр тастан жасалған. Ішіне кірсек, барлық адамдар мерекелік киім киіп алған, барлығы шетінен әдемі. Алдымыздан тағы бір есік ашылғанда, бір топ әдемі жас қыздар шықты. Арасында Салтанат бар. Қолынан ұстап, қайда жүрсің, мен сені іздеп жүрмін, дедім. Ата-анамызға хабарласып, сені тапқанымды айтайын дедім. Телефонымды алып, суретке түсірмек болдым. Суретке түсіп, телефоныма қарасам, суретте менен басқа ешкім жоқ. Салтанат сол сәтте жанына бір әйелді шақырды. Меніңше, ол да менің жанымдағы көлеңке сияқты. Салтанат мені басқа бір балаларға арналған бөлмеге апарды. Төртеуміз кірдік. Сол кезде мен одан не болып жатқанын түсіндіруді сұрадым. Жанындағы әйел менің білмеу керектігімді айтты. Салтанат ол әйелге менің білу керектігімді, мен түсінбей жүргенімді түсіндіріп жатыр. Кейін өзі түсіндіре бастады. Дауыстар мен әріптер айтылып жатыр, бірақ мен не айтып жатқанын түсінбеймін. Кейін ол қолымен екі санды жазып көрсетті. 11 санын жазды. Мен жазып алдым. Сол сәтте желкемнен біреу қысып ұстап, жұлып шығарды. Мен оянып, төсегімнен атып тұрдым», деп баяндады түсін. 

Бұл түсті ағасы қараша айының ортасында көрген. Көргенін жақын адамымен бөліскен. Ол әйел мешітте жұмыс істейді. Айтуынша, ол әйелдің өлген адамдардың рухымен сөйлесе алатын қасиеті бар.  Салтанат оған жерлеу рәсіміне қатысып, сөз сөйлеуді сұраған екен. 

Кеше, яғни 11 сәуір күні Қазақстан парламенті тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады. Аталған заң әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін күшейтеді. 

Осы тұста Айтбек Амангелді түсінде көрген сол екі санды «11» өзінше жорамалдады. Ойынша, Салтанат оған аян берген.

11 саны:

11 қараша – Салтанат жер қойнына тапсырылды;

11 наурыз – Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдалым өтті

11 сәуір #Салтанатзаңы қабылданды.

«Енді не болады? Тағы бір айтылмаған дүние бар. Оны сот отырысы аяқталған соң айтамын»,- деп жазды Айтбек Амангелді.