Салық органдары той шығынын тексере бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 503.42
  • 542.08
+4 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық органдары той шығынын тексере бастады

Салық органдары той шығынын тексере бастады

Қазақстанның салық органдары тойларға жұмсалған қаражаттың заңдылығын тексере бастады

  • 26 Наурыз
  • 15
Screenshot

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім еткендей, той шығыны ұйымдастырушының ресми табысына сәйкес келмеген жағдайда тексеріс жүргізіледі. Қазірдің өзінде Мемлекеттік кірістер комитеті осы бағытта тиісті жұмыстарды бастап кеткен.

Белгілі болғандай, қазақстандықтар көбіне той жасау үшін несие алуға немесе қаражатты ұзақ уақыт жинауға мәжбүр. Дегенмен, енді салық органдары қаражаттың нақты қайдан алынғанын тексеретін болады.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар жаңа салық реформасына наразылық білдіріп, кіріс пен шығындар туралы есеп беру міндеттемесін қатты сынға алған болатын.