Салынып біткеннен кейін ЭКСПО нысандарының бір бөлігі Назарбаев университетіне беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салынып біткеннен кейін ЭКСПО нысандарының бір бөлігі Назарбаев университетіне беріледі

Салынып біткеннен кейін ЭКСПО нысандарының бір бөлігі Назарбаев университетіне беріледі

Салынып біткеннен кейін ЭКСПО-2017 нысандарының бір бөлігі Nazarbayev University беріледі. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Тақыр Балықбаев мәлім етті.

  • 2 Қазан 2014
  • 535
Фото - Caravan.kz

«Қазір университет 94 гектар аумақта орналасқан. Оны 11 млрд теңгеге сатып алу қажет. Бұл сома республикалық бюджеттен бөлінуі тиіс. Сондықтан мемлекеттік бюджеттен көп қаражат алмау үшін және оны тиімді пайдалану мақсатында Назарбаев университетіне жер телімдерін меншікке берудің қаржылай өтеусіз, ерекше тәртібін қарастырылмақ», — деді ол бейсенбі күні Астанада «Қазақстан республикасының бірқатар заң актілеріне дербес білім беру ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері жөнінде өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Вице-министрдің айтуынша, «Мемлекеттік мүлік туралы» заңға өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Олар көрме аяқталғаннан кейін оның инфрақұрылымын пайдалану мәселесін шешу үшін ЭКСПО нысандарын университетке беру мәселесін реттеп береді.