Салық бойынша қарыздарды өтеуге 13 күн қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық бойынша қарыздарды өтеуге 13 күн қалды

Салық бойынша қарыздарды өтеуге 13 күн қалды

Ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет.

  • 19 Желтоқсан 2019
  • 21
Фото - Caravan.kz

Салықтық рақымшылық шеңберінде бюджетке негізгі борышты төлеген жеке тұлғалар бойынша 601 313 өсімпұл есептен шығарылды, олар ағымдағы жылдың басынан бастап 13,517 млрд теңге мөлшеріндегі сомасын төлеп, 2,482 млрд. теңге сомасына өсімпұл есептен шығарылды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап.

Өңірлер тұрғысынан өсімпұлы ең көп Алматы қаласы – 99 021 ЖТ, Түркістан облысы – 71 163 ЖТ, Шымкент қаласы – 47 867 ЖТ және Нұр -сұлтан қаласы 46 194 ЖТ. Ең аз жеке тұлғалардың Атырау облысы – 16 413, Қызылорда облысы – 15 823 және ШҚО – 13 439 ЖТ.

Өсімақының ең көп сомасы Алматы қаласы бойынша – 1041,2 млн.теңге, Павлодар облысы бойынша – 179,9 млн. теңге, Нұр-сүлтан қаласы 168,7 млн.тг Алматы облысы бойынша – 151,7 млн. теңге есептен шығарылды. Ең аз өсім сомасы Ақтөбе облысы бойынша – 45,4 млн.теңге, Жамбыл облысы бойынша – 38,7 млн. , Қостанай облысы – 39,3 млн. теңге, ШҚО – 36,7 млн. теңге есептелінді. Мемлекеттік кіріс органдарының БАҚ үлгі-насихат жұмыстары, өңірлерде және де орталық деңгейде «салықтық рақымшылық» акциясы бойынша семинарлар жалғасуда.

Айта кетейік, 01.01.2019 жылғы жағдай бойынша берешегі бар және берешектің негізгі сомасын өтеу шартымен өсімпұлды есептен шығару бойынша акцияны пайдалану мүмкіндігі бар жеке тұлғалардың саны 13,9 млрд.теңгеге және негізгі борыш бойынша берешек сомасы 6,3 млрд. теңгеге өсім сомасы бар шамамен 1,4 млн. адамды құрады, барлығы 20,2 млрд. теңге.


Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың соңына дейін салық бойынша берешектерді төлеу қажет. Салық төлеушілер салық бойынша берешектің бар/жоқ екендігін келесі сілтеме бойынша біле алады: http://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web ескерту.

Соңғы жаңалықтар