Салық деңгейі мен күрделі кедендік процедуралар Қазақстанға инвестиция салуға кедергі келтіруде - АҚШ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық деңгейі мен күрделі кедендік процедуралар Қазақстанға инвестиция салуға кедергі келтіруде - АҚШ елшісі

Салық деңгейі мен күрделі кедендік процедуралар Қазақстанға инвестиция салуға кедергі келтіруде - АҚШ елшісі

"Республикада АҚШ инвесторлары тап келетін қиындықтардың бар екеніне, кейбір қауіп-қатерлерге қарамастан, Қазақстан - инвестиция салуға қолайлы жер". Бұл туралы бүгін, 20-желтоқсанда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы АҚШ елшісі Джон М.Ордвей хабарлады.

  • 20 Желтоқсан 2004
  • 519
Фото - Caravan.kz

Д.Ордвейдің айтуынша, қазір Қазақстан экономикасы өтпелі кезеңде тұр. Соңғы әзірде республика экономикасында айтарлықтай ілгерілеушіліктерге қол жеткізілгенімен, «сауда-саттық саласында инвестицияға кедергі келтіретін біршама қиындықтар қалып отыр».

Басты тауқыметтердің бірі ретінде елші санаткерлік меншік нысандары мен тауарлық белгілерді қорғау ісін атады. «Салық деңгейі мен күрделі кедендік процедуралар Қазақстанға инвестиция салуға кедергі келтіруде»,- деді ол. Д.Ордвей: «Қазақстанда өзім сұхбат құрған американдық инвесторлар республикада жемқорлықсыз-ақ заңды бизнес жүргізуге мүмкіндік бар деп мәлімдеді»,- деді. «Бұл — американдық компаниялар үшін бизнес жүргізудің оперативтік тәсілі болып табылмайды»,- дейді елші. Оның пайымдауынша, «заң шеңберінде бизнес жүргізу Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосумен бірге елдегі жемқорлық деңгейін төмендетуге түрткі болмақ».
«Біз Қазақстан 2005-жылы Бүкіләлемдік сауда ұйымына мүшелікке өтеді деп сеніп отырмыз. Бұл Қазақстанға халықаралық стандарттарға сәйкестікке қол жеткізуге жол ашады»,- деді Д.Ордвей.

Перейти к новостям спорта