Салық кодексінің қорытынды талқылауы 26 тамызда үкіметте өтеді - премьер
Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Салық кодексінің қорытынды талқылауы 26 тамызда үкіметте өтеді. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін "Салық салуды реформалаудың басты бағыттары" атты дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Кодекс жобасында кейбір орынды тұстары бар. Оларды қарау керек. Осыдан кейін біз 26 тамызда өтетін үкіметтің отырысында бұл құжатты талқылап, парламентке ұсынамыз. Сосын оны парламентте толықтырамыз. Бізде әлі де 19-20 күн бар. Бірақ әлі де бойды босқа салмай, жақсарта түсетін нормалар бойынша жұмыстарды жалғастыра беру қажет",- деді Кәрім Мәсімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін