Салық кодексінің жобасында Арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет шарттарын біріздендіру көзделген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салық кодексінің жобасында Арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет шарттарын біріздендіру көзделген

Салық кодексінің жобасында Арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет шарттарын біріздендіру көзделген

Астана. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Салық кодексінің жобасында Арнаулы экономикалық аймақ аумағындағы қызмет шарттарын біріздендіру көзделген. Бұл туралы еліміздің экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов жаңа Салық кодексінің тұжырымдамасын талқылауға арналған дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 7 Тамыз 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

«Кодекс жобасында Арнаулы экономикалық аймақ аумағында жаппай қызмет ету шарттарын, атап айтсақ, корпоративтік кіріс салығын инвестициялық салық преференциялары тәртібімен біріздендіру жоспарланған», — деді Б.Сұлтанов.

«Тек Арнаулы экономикалық аймақ аумағында ғана жер және мүлік салығынан босатылады. Осындай аумақта қызметін жүргізіп отырған инвесторлар қазіргі режимді келесі 5 жылдың ішінде пайдалана алады. Ал инвестициялық преференциялар алу жөнінде шарт жасасып қойған инвесторлар шарт мерзімі аяқталғанға дейін қолданыстағы преференциялар режимін пайдалана алады»,- деді министр.

Ұсынылған біртұтас инвестициялық ынталандыру модернизациялана түскен кәсіпорындарды қолдауға, салық жеңілдіктерін берудің ашытығын қамтамасыз етуге және бартық салықтық тексерулерден құтылуға мүмкіндік береді», — деді Б. Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар