Естеріңізге салсақ, апта басында қаладағы дәмханалардың біріне қойылған ақша толы жәшікті әлдебіреудің қолтыққа қыстырып кеткенін айтқанбыз. Сұғанақтың қылмысы бақылау камерасына түсіп қалған. Сондықтан оны құрықтау аса қиындық туғызбаған да секілді. Ұры кінәсін бірден мойындаған. Қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр. Сондағы жәшіктен алғаны — 40 мың теңге. Ұрланған ақшаны сұғанақтың туысы қайырылымдылық қорына қайтарып беріпті.