Салықтан жалтару салдарынан 2004-жылдың шілде айында республикалық бюджет 1,3 млрд. теңгеден қағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салықтан жалтару салдарынан 2004-жылдың шілде айында республикалық бюджет 1,3 млрд. теңгеден қағылды

Салықтан жалтару салдарынан 2004-жылдың шілде айында республикалық бюджет 1,3 млрд. теңгеден қағылды

Салықтан жалтару салдарынан 2004-жылдың шілде айында республикалық бюджет 1,3 млрд. теңгеден қағылды. Бұл туралы бүгін, 16-тамызда Астанада өткен баспсөз мәслихатында ҚР экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ибраимов хабарлады.

  • 16 Тамыз 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2004-жылғы шілде айында қаржы полициясының мекемелері экономикалық сипаттағы 475 қылмысқа тосқауыл қойды . Бұл 2003-жылғы тиісті кезеңнен 2 есе артық. Сондай-ақ, Рустам Ибраимов ортаға салған мәліметке жүгінсек, беті ашылған жалған кәсіпкерлік деректерінің саны артты. 2003-жылғы шілде айында осындай 10 дерек тіркелсе, 2004-жылғы тиісті мерзімде ол 24-ке жеткен. Жемқорлық сипаттағы қылмыстарды әшкерелеу жұмыстарының белсенділігі артты. Соның ішінде қызмет бабын жалған мақсатта пайдалану (8-ден 69-ға дейін), лауазымдық құқығын асыра пайдалану (13-тен 42-ге дейін) және жемқорлық деректерінің саны өсті.

Тұтастай алғанда, 2004-жылдың шілде айында ҚР қаржы полициясы мекемелері 985 қылмысты әшкереледі. Бұл 2003-жылғы тиісті мерзімнен 33 процентке артық, деді Р.Ибраимов.

Перейти к новостям спорта