Жарияланды: 410

Салықты төлеуден жалтару мақсатында атына джипті рәсімдеуге болатын соғыс ардагерлері тапшы

Қазақстанда салықты төлеуден жалтару мақсатында атына әлі де болса джипті ресімдеуге болатын Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектері тапшы болып отыр, деп мәлімдеді қаржы министрі Болат Жәмішев.

"Біздің елде атына 4-литрлік джипті ресімдеуге болатын соғыс ардагерлері аз. Көлікке салық төлемес үшін олардың бәрінің атына көлік ресімделген", деді ол бейсенбіде сенатта жалпыға ортақ декларациялауды енгізу мәселелеріне арналған стол басындағы әңгіме барысында. Ол сенатор Владимир Бобровтың халықтың бір бөлігін, мәселен зейнеткерлерді жалпыға ортақ декларациядан босату туралы ұсынысына осылай деп жауап берді. "Арбитраж мүмкіндік бар жерде толығымен пайдаланылуда. Халық жеткілікті дәрежеде сауатты емес, оларға ауыр дейміз ғой, олай емес. Салық комитеті халықтың қаншалықты сауатты екендігін көріп отыр", деді Б.Жәмішев.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін