Салықтық амнистия жүргізілетін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Салықтық амнистия жүргізілетін болады

Салықтық амнистия жүргізілетін болады

Бизнесті дамыту мақсатында 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған және  2014 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша төленбеген өсімпұлдардың сомаларын есептен шығару, өсімпұл мен айыппұлдардан босату арқылы салықтық амнистия жүргізу ұсынылады.

  • 8 Қазан 2014
  • 680
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

Еске салайық, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір занамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

«Ұсынылған салықтық амнистияны жүргізу салық төлеушілерге босатылған қаражатты бизнесті дамытуға жұмсауға мүмкіндік береді. Бұнымен қоса, аталған шара ішкі инвестициялардың әлеуетін күшейтеді», — деді министр Ерболат Досаев.

Оның айтуынша,  заң жобасының мақсаты жағымды кәсіпкерлік ортаны және елдің одан әрі тұрақты әлеуметтікэкономикалық дамуы үшін жағдай жасау болып табылады.

«Бұдан бөлек, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуді ынталандыру және агроөнеркәсіп кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін оларға салық салу тәртібі реформалануда. Мәселен, өз өнімдерін өңдеу кәсіпорындарында немесе мамандандырылған орталықтарында өткізген жағдайда, қосалқы шаруашылықтардың табыстары жеке табыс салығын төлеуден босатылады», — дейді Е. Досаев.