А.Самақованың айтуынша, «қазіргі жағдаймен бұл саладағы бейресми ұйымдар бір-бірінен мейлінше алшақтап, бытырау-тарау күйде ұсақ күйбеңге кірісті. «Одан да өзара бірігіп, «жасылдар» партиясын құрып, күрделі ғаламдық проблемаларды шешкен жөн. Экологиялық мәселелердің түйінін тарқатуда үкімет пен мемлекетке көмекші болсаңыздар»,- деген ұсыныс жасады А.Самақова.
Үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері министрдің ұсынысын қолдады. «Қазір біз партия құру бағытындағы жұмыстарды пәрмендендіре бастадық»,- деді Қазақстанның «Табиғат» экологиялық кәсіпорындары мен қауымдастықтары одағының төрағасы Мэлс Елеусізов. Оның айтуынша, «бұл партия көп адамның басын біріктіре алады. Олардың арасында 14 жастағы балалар мен жастар да бар»,- деді ол.