Оның айтуынша, Самара облысында ұлттық салт-дәстүрлері мен өзіндік ерекше ұлттық мәдениетін сақтап қалуға талпынатын қазақ диаспорасының 15 мыңнан астам өкілі тұрады. Шетелдерде құрылып жатқан қазақ ұлттық-мәдени орталықтарының басты мақсаттарының бірі — ана тілін сақтап қалу болмақ.
Самара облысында құрылған қазақтардың «Ақжол» атты ұлттық-мәдени автономиясының тұсаукесеріне Мәскеу, Тюмень, Омбы, Челябы және Мурманск қалаларында тұратын қазақ диаспорасының өкілдері келді.
Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық ұйымдар жаңадан құрылған «Ақжол» ұйымын қолдамақ ниетте. Мәселен, облыстық мәдениет басқармасы Самаралық қазақтарға сахналық қойылымдарға арнап ұлттық киімдер берсе, Оралдағы «Мария» деп аталатын тігін салоны мәдени автономияға арнап ұлттық киімдер тігіп беруге әзірлік танытты.