Самбодан әлемнің суперкубогінде батысқазақстандық Е.Байбатыров топ жарды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самбодан әлемнің суперкубогінде батысқазақстандық Е.Байбатыров топ жарды

Самбодан әлемнің суперкубогінде батысқазақстандық Е.Байбатыров топ жарды

Мәскеу қаласында мәреге жеткен самбодан әлемнің суперкубогі - «А.Харлампиевтің мемориалы» ХХХІІІ халықаралық турнирінде батысқазақстандық Ерболат Байбатыров топ жарды.

  • 30 Наурыз 2012
  • 374
Фото - Caravan.kz

«Лужники» спорт кешенінде өткен жарысқа әлемнің 25 мемлекетінен 250-дей спортшы қатысты. Бұл жолы 57 келі салмақта сынға түскен Ерболат финалда тәжік балуаны Ахлиддин Каримовты тізе бүктірді. Ерболат бұдан бұрын екі жыл қатарынан осы турнирде күміс жүлдегер атанған болатын.

74 келі салмақта күрескен Асылбек Әлкей қола жүлдеге қол жеткізді.

Самбодан әлемнің төрт дүркін чемпионы Е.Байбатыровтың бапкері — Райымбек Меңдіғалиев.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера