Самбодан «Динамо» спорт қоғамының ашық чемпионатында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Самбодан «Динамо» спорт қоғамының ашық чемпионатында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды

Самбодан «Динамо» спорт қоғамының ашық чемпионатында Алматы қалалық ішкі істер департаментінің командасы жеңімпаз атанды

Алматыда құқық қорғау органдары мен күш құрылымдары арасында 29-30 наурыз аралығында «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының ашық чемпионаты өтті.

  • 2 Сәуiр 2012
  • 465
Фото - Caravan.kz


Оған 8 салмақ дәрежесі бойынша 8 командадан 64 спортшы қатысты. Командалық сында 3 алтын, 3 күміс, 1 қола олжалаған Алматы қаласының ішкі істер департаменті бірінші орын алды. 4 алтын, 1 күміспен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің «Шығыс» аймақтық басқармасы екінші, ал 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медалмен Республикалық Гвардия үздік үштікті түйіндеді. Жекелей сында ішкі істер қызметкерлерінен — Ардақ Тұрсынғазы (74 кг), Айбек Атажанов (82 кг), Ербол Байбосынов (+100 кг), шекарашылардан — Руслан Нысанбаев (57 кг), Марат Сүлейменов (68 кг), Тимур Рахметжанов (90 кг), Амангелді Байбосынов (90 кг), гвардияшылардан -Жасболсын Қаналиев (62 кг) жеңімпаз атанды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера