"Самұрық -Энерго" 2012 жылы электр энергия өндірісін 7% арттырмақ
"Самұрық-Қазына" АҚ құрамына кіретін энергия өндіруші кәсіпорындар 2012 жылы электр энергия өндірісін 7% арттырмақ, деп хабарлады Алматыда бейсенбіде журналистерге АҚ басқармасының төрағасы Алмасадам Сатқалиев . |
Оның деректеріне қарағанда, биыл өндірілетін энергия көлемі 14,3 млрд кВт.сағ болады деп күтілуде.
А.Сатқалиевтің хабарлауынша, 2012 жылы тұтынушылар қажеттілігінің артуы есебінен электр энергия тарату көлемі 5% артады, 8,4 млрд кВт. сағ дейін.
2012 жылы 44 млн тонна көмір өндіріледі деп жоспарлануда, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 8% жоғары.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін