"Самұрық - Қазына" қорының басшысы үкіметтен "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заң жобасын жедел қабылдауды сұрады
Астана. 2 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық - Қазына" қорының басшысы Қайрат Келімбетов үкіметтен "Ұлттық әл-ауқат қоры туралы" заң жобасын жедел қабылдауды сұрады. Ол бүгін бұл туралы үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов те бұл өтінішті мақұлдады. Оның айтуынша, аталған заңды қабылдамайынша, 2009-2010 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру қиынға түседі. Онсыз қор банктерді қайта қаржыландыру шарасын жүзеге асыра алмайды, деді Қ.Келімбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін