«Самұрық-Қазына» Әлеуметтік тәуекелдер картасын енгізуде

«Бүгінде Әлеуметтік тәуекелдер картасы сынды сараптамалық тетік құрылып, енгізілуде. Онда «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының еңбек ұжымдары шоғырланған», - деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, аталған картада болжанып отырған шаралар қатарында еңбек медиациясы, әлеуметтік шарттарды орындау, кәсіподақ қызметін дамыту бар.

«Қазіргі таңда ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылық пен оң еңбек жағдайы біздің компаниялар басшыларының басты назарында», - деді Қ.Бишімбаев.