"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қызылорда қаласындағы жаңа "Қамқорлық" оңалту орталығына барды - kaz.caravan.kz
  • $ 495.95
  • 524.37
-7 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қызылорда қаласындағы жаңа "Қамқорлық" оңалту орталығына барды

"Самұрық-Қазына" АҚ қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов Қызылорда қаласындағы жаңа "Қамқорлық" оңалту орталығына барды

12 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Жұртшылықпен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі Басқарушы директоры Ғибрат Қайратұлы Ауғанов, «Samruk – Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының Бас директоры Альфия Дәулетқалиқызы Адиева, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Мұратәліқызы Шәменова және «Қамқорлық қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінқызы Еркінова Қызылорда қаласындағы «Қамқорлық» оңалту орталығына барды.

  • 12 Мамыр 2022
  • 12
Фото - Caravan.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қызылорда облысында 5 мыңға жуық мүгедек бала бар. Сол себепті Елбасының «Қамқорлық» бастамасының екінші кезеңі аясында жобаның бас серіктесі «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен осы аймақта оңалту орталығы ашылды. Бұл Қазақстан бойынша ашылған 15 «Қамқорлық» оңалту орталығының бірі.

«Қамқорлық» оңалту орталығы ерекше балаларды оңалтудың жүйелі әрі кешенді тәсілін ұстанатын халықаралық үлгі бойынша жұмыс істейді. Мұнда невролог, реабилитолог, жаттығу терапевті, психолог, логопед, еңбек және эрготерапевт, дефектолог сынды әртүрлі мамандар жұмыс істейді. Әрбір бала үшін ата-аналардың көздеген мақсатына сәйкес оңалтудың жеке жоспары жасалады. Бұл үлгі 2020 жылы ашылған 8 «Қамқорлық» оңалту орталығының жұмыс нәтижесі бойынша тиімділігін көрсетті.

Қызылорда қаласының «Қамқорлық» оңалту орталығы 2022 жылдың қаңтарында іске қосылған. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасына орналасқан. Бүгінде орталықта нейро-ортопедиялық бұзылысы бар 400-ден астам бала тегін оңалтудан өтті.

«Қамқорлық» орталығында Ұлыбритания, АҚШ, Германия, Австрия, Италия, Қазақстан және Ресейдің озық үлгідегі оңалту аппараттары бар. Мұндағы барлық құрал-жабдықты сатып алуға «Қамқорлық» жобасының бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» АҚ және «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры көмек көрсеткен.

Қонақтар орталық жұмысымен танысып, балалармен бірге жүріп күнделікті оңалту іс-шарасын көрді: ЕДШ залын, педагогтар мен психологтың кабинетін, механотерапия залын, сенсорлық бөлмені, бальнеотерапия кабинетін аралап, экскурсияны кондуктивтік терапиямен аяқтады.


Дәстүр бойынша мерекелік іс-шараның соңында идиопатиялық асептикалық сүйек некрозымен ауыратын «Қамқорлық» орталығында оңалтудан кейін ептеп жүре бастаған Бекзат Ғалымұлының тұсаукесер рәсімі өтті. Ақ тілегін арнаған Ғибрат Қайратұлы баланың тұсауын кесті.
 
«2020-2022 жылдары Елбасының тапсырмасы бойынша «Қамқорлық» бастамасы аясында ерекше балаларға арналған 15 оңалту орталығы ашылды. Бұл жоба еліміздің ірі қалалары мен облыс орталықтарын ғана емес, сонымен бірге, шалғай ауылдарды да қамтыды, бұл балаларға алысқа бармай-ақ халықаралық деңгейдегі тиімді оңалтудан өтуге мүмкіндік береді.  Барлық оңалту орталығының жабдықталуын қаржыландырған «Самұрық-Қазына» АҚ осы жобаны іске асырудағы сенімді серіктеске айналды.  Бұл қымбат, өте құнды және тиімді жабдық, оның кейбірі Қазақстан бойынша біздің орталықтарда ғана бар», — деді «Қамқорлық Қоры» корпоративтік қорының директоры Арайлым Еркінова.
 
Анықтама үшін:
«Қамқорлық» бастамасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жынысына, жасына, этникалық тегіне, мәртебесіне, сонымен қатар физикалық немесе психикалық жағдайына қарамастан барлық азамат үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау мақсатында жүзеге асырады.

Алғашқы екі кезең аясында Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау, Қостанай, Қызылорда облыстарында және Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында 15 оңалту орталығы, 16 инклюзияны қолдау кабинеті және 7 ерте араласу орталығы ашылды.

2022 жылдың соңына дейін тағы 13 «Қамқорлық» ерте араласу орталығын ашу жоспарлануда.