«Самұрық-Қазына» Астанадағы апатты тұрғын үйлерді сыруға несие бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» Астанадағы апатты тұрғын үйлерді сыруға несие бөледі

«Самұрық-Қазына» Астанадағы апатты тұрғын үйлерді сыруға несие бөледі

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Астанадағы апатты тұрғын үйлерді сырып тастау бойынша ілкі жобаны жүзеге асыру үшін 20 миллиард теңге көлемінде несие беруді шешті.

  • 30 Қазан 2012
  • 370
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Самұрық-Қазынаның» сайтында мәлім етілді.

Мұндай шешім ҚР Үкіметінің басшысы Серік Ахметовтың төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің жүзбе-жүз отырысы барысында қабылданды. Несие Астана қаласы әкімдігінің құзырлы мекемесіне берілетін болады.

Сонымен қатар, отырыс барысында «Самұрық-Қазына» АҚ дивиденттік саясат жобасының Бірыңғай акционерін бекіту шешілді. Бұл саясат қордың директорлар кеңесі бірыңғай акционерге өткен қаржылық жылда қордың таза табысын үлестіру тәртібі мен бір жыл ішінде бір қарапайым акцияға есептегенде дивиденттің көлемі туралы ұсыныстарды әзірлеу барысында басшылыққа алатын принциптерді айқындайды.

Сондай-ақ директорлар кеңесі С.Ахметовты «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің тағайындаулар мен сыйақы тағайындау жөніндегі комитетінің төрағасы етіп тағайындады.

Соңғы жаңалықтар