«Самұрық-Қазына» делегациясы Қырғызстанда сапармен жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» делегациясы Қырғызстанда сапармен жүр

«Самұрық-Қазына» делегациясы Қырғызстанда сапармен жүр

Бейсенбі күні Қырғызстанға «Самұрық-Қазына» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов бастаған делегация келді.

  • 24 Маусым 2011
  • 416
Фото - Caravan.kz

Қазақстандық делегация қырғыздың бірінші вице-премьері Өмірбек Бабановпен кездесті. Кездесу барысында Ө.Бабанов келген қонақтарға ризашылығын білдіріп, «делегация құрамының ауқымдылығы қазақстандық тараптың біздің республикамызбен экономикалық байланыстарды тереңдетуге және кеңейтуге деген ықыласын көрсетсе керек», деп атап көрсетті. Ол сондай-ақ, Қырғызстан үкіметінің қырғыз-қазақстан екіжақты ынтымақтастығын жоғары бағалайтынын жеткізді. «Қырғыз тарапы бұл кездесуге үлкен мән береді және екіжақты диалогтың қырғыз-қазақстан инвестициялық қорын құру үдерісін іске қосу жөніндегі келіссөздерді әрі жалғастыруға серпін болады деген үмітте», деді қырғыз вице-премьері.

«Самұрық-Қазына» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Айдан Кәрібжанов өз кезегінде, аталмыш қордың Қырғызстаннан бүгіннен бастап жұмыс істеуге әзір екенін атап көрсетті. «Қырғыз-қазақ инвестициялық қоры міндетті түрде жұмыс істейтін болады. Біз дәл қазір адамдарды жұмысқа алуға, кеңсе іздестіруге әзірміз, себебі бұл ынтымақтастықты дамыту және Қырғызстанның экспорттық әлеуетін пайдалану үшін өте маңызды бастама. Біздің өкілдеріміз, арадағы келісімдерді жүзеге асыру үшін жылдам қимылдайтын болады», деді ол.

Айдан Кәрібжанов сондай-ақ, Қазақстан тарапының қырғыздың жекеменшік банк секторын қолдауға әзір екенін атап көрсетті.

Қырғызстанның бірінші вице-премьері кездесудің қорытындысы бойынша сәйкес министрліктер мен ведомстволарда түрлі бағыттар бойынша топ болып жұмыс істеуді ұсынды. «Қырғыз мемлекеттік органдары бірқатар инвестициялық жобаларды таныстырмақ. Ол жобалардың сіздердің назарларыңызды аударады және талқылау барысында бірлескен іс-қимылдар талдап жасалады деген үміттемін. Екікүндік жұмыстың қорытындысы бойынша, қол жеткізілген келісімдер көрсетілетін бірлескен қорытынды құжат дайындау керек», — деп атап көрсетті Өмірбек Бабанов.

Соңғы жаңалықтар