«Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілермен 4,2 трлн. теңгеге шарттар бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілермен 4,2 трлн. теңгеге шарттар бекітті

«Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілермен 4,2 трлн. теңгеге шарттар бекітті

«Самұрық-Қазына» қоры отандық тауар өндірушілермен 4,2 трлн. теңгеге шарттар бекітті. Бұл туралы бүгін «Ұлы Дала елі» отандық тауар өндірушілердің І форумындары ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 368
Фото - Caravan.kz

 «Самұрық-Қазына» қоры мен отандық тауар өндірушілер арасында ұзақ мерзімді шарттар жасау мәселесіне тоқталған ол, «Бұл жұмысты біз жыл басынан бері жүргізудеміз, яғни наурыздан бастап осы шараларға белсенді түрде кірістік. Атап айтқанда, наурыздан қараша аралығында триллион теңгеге ілгерілеушілікті көрсеттік. Яғни, жыл басында «Самұрық-Қазына» желісі бойынша ұлттық компаниялармен ұзақ мерзімді келісімшарттар 3,3 трлн. теңге көлемінде жоспарланған болса, біз бұл көрсеткішті 4,2 трлн. теңгеге жеткіздік. Менің ойымша, жыл қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш арта түспек және осы жұмыстар ары қарай жалғасады»,-деді Б. Сағынтаев.

Осы орайда ол бұл бағыттағы қиындықтарды еңсеру жеңіл болмағанын атап өтті.


«Қағаз түріндегі кедергілер өте көп жазылған. Яғни, түрлі нұсқамалар мен ережелер, шешімдер, холдингтің ішіндегі хаттамалар қамтылған және оларды өзгерту үшін тиісті қадамдар жасалды»,-деді Б. Сағынтаев.

Соңғы жаңалықтар