«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның бірқатар спорт түрлеріне қаржылай демеушілік жасайды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның бірқатар спорт түрлеріне қаржылай демеушілік жасайды

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның бірқатар спорт түрлеріне қаржылай демеушілік жасайды

«Самұрық-Қазына» қоры Қазақстанның күрес, ауыр атлетика, су добы, волейбол және қайық есу спорт түрлерінің дамуына қомақты қаржы бөліп отыр.

  • 2 Қыркүйек 2010
  • 681
Фото - Caravan.kz

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл- ауқат қоры» АҚ әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген «Астана» велошабандоздар клубына және елордалық «Барыс» хоккей командасына демеушілік ететіні белгілі. Ендігі кезекте «Самұрық-Қазына-Астана» Корпоративті қоры арқылы күреске 100 млн. теңге, ауыр атлетикаға 147 млн. теңге, су добына 50 млн. теңге, волейболға 200 млн. теңге және қайық есуге 22 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылған.

Қордың Бас директоры Дәулет Тұрлыхановтың айтуынша, қаржы мақсатсыз бөлінбейді, қайта елімізде әлеуеті жоғары, болашағы бар, дәстүрі мен тәжірибесі көп жылдар бойы қалыптасып үлгерген басымдықты спорт түрлерін қолдауға жұмсалады. Мәселен, «Барыс» хоккей клубының бюджеті 27 млн. доллар, ал «Астана» велокомандасының бюджеті 20 млн. долларды құрады. «Әрине, ақша жайдан -жай бөліне салмайды. Командалардың жылдық қажеттілігі жіті сараланады. Сонымен қатар олардан міндетті түрде спорттағы нәтиже және жарнама талап етіледі. Дегенмен өз басым «Астана» велокомандасы сынды ауқымды жоба әлемде әлі жоқ деп есептеймін», дейді Д. Тұрлыханов.

«Кейбір спорт түрлері бойынша біз өзіміздің позициямызды қолдан шығарып алдық. Су добы спортында біз Азия ойындарында бірінші орын аламыз деп нық сеніммен айтатынбыз. Ал өткен Азия біріншілігінде командамыз үшінші орынды иеленді. Қытай, Иран, Жапония командалары өсіп, алдымызды орап жатыр», деп атап көрсеті ол.

Д. Тұрлыхановтың айтуынша, бүгінгі таңда дзюдо, қыздар арасындағы су добы, баскетбол, биатлон және шаңғы тебу спорттарына демеушілік көрсету жайы қарастырылып жатыр.

Директорлар кеңесі шешімімен 2010 жылдың 29 қаңтарында спорттық жобаларды қаржыландырудағы шаруаларын ретке келтіріп отыратын «Самұрық-Қазына-Астана» Корпоративті қорын құру туралы шешім шығарды. Қордың Бас директоры болып Дәулет Болатұлы Тұрлыханов тағайындалған болатын.

Корпоративті қор «СК» Қорының әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын басқарумен, үйлестіру жұмыстарымен айналысады. Корпоративті қор корпоративті басқарудың әлемдік дәрежесіне сай құрылды. Қазіргі уақытта «Самұрық-Қазына-Астана» Корпоративті қоры елде спортты қолдау, дамыту, нығайту, сонымен қатар елде үлкен жетістіктерге жетіп жүрген спорт түрлері мен жалпы жұртқа арналған спорт түрлерін дамыту секілді мәселелерге ден қоюда. «Самұрық-Қазына-Астана» Корпоративті қоры спортшылар мен жаттықтырушыларды дайындап, жоғарғы дәрежедегі спорт мамандарын елге тартумен айналысады.