«Самұрық-Қазына» қоры шетелдегі өкілдіктерінің санын қысқартады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» қоры шетелдегі өкілдіктерінің санын қысқартады

«Самұрық-Қазына» қоры шетелдегі өкілдіктерінің санын қысқартады

«Самұрық-Қазына» қоры 2016 жылдың 1-ақпанына дейін шетелдердегі өкілдіктерінің санын қысқартады. Бұл туралы қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев мәлімдеді.

  • 23 Қараша 2015
  • 732
Фото - Caravan.kz


«Өкілдіктер жөнінде мынадай келісімге келдік: ақпанның біріне дейін барлық еншілес компаниялар шетелдердегі өкілдіктерін жабады. Тек Лондон, Бейжің мен Мәскеудегі өкілдіктер ғана қалады», — деді Ө.Шөкеев үкіметтің дүйсенбідегі отырысында.
Айтуынша, қордың ұйымдастырушылық құрылымдық үлгісі жаңартылмақ.
«8-желтоқсанда қордың жаңа құрылымымен таныстырып, жаңа құрылымды толықтыруға көшеміз. Онда әрбір қызметке, әсіресе, жетекші лауазымдарға белгілі бір талаптар қойылады. Қазіргі кезде қарамағымыздағы қызметкерлердің аталған талаптарға сәйкестігі анықталып жатыр. Бұл жұмысты келер жылдың 1-сәуіріне дейін аяқтаймыз. Содан соң қор жаңа құрылым бойынша жұмыс істейді», — деді Ө.Шөкеев.
2016 жылдың екінші тоқсанында еншілес компаниялардың корпоративтік орталықтарын қайта форматтау процесі аяқталуы тиіс, деді ол.
Қазіргі таңда қордың 36 шетелдік өкілдігі бар.

Соңғы жаңалықтар