«Самұрық-Қазына» қоры Солтүстік Қазақстан облысына мұнай өңдеу зауытын салуға қарсы
«Самұрық-Қазына» қорының «ҚазМұнайГаз» ұлтық компаниясын дамыту жөніндегі басқарушы директоры Мәлік Сәлімгереев Солтүстік Қазақстан облысына төртінші МӨЗ салу туралы шешімді нағыз бассыздық деп атады. |
«Шынымды айтсам, бұл жаңалықты естіген кезде қатты таң қалдым», - деді ол сейсенбі күні Астанада өткен баспасөз мәслихатында.
«Ол жаққа зауыт салудың қажеті жоқ. Өйткені, бізде ресурстың бәрі батыс өңірлерде орналасқан. Қазір тіпті Павлодар мұнай-химия зауытын шикізатпен қамту мәселесінде қиындықтар туындап жатыр. Меніңше, бұл барып тұрған бассыздық», - деп мәлімдеді М.Сәлімгереев.
Бұған дейін «Қазэнергоаймақ» ЖШС келер жылы СҚО Булаев қаласында мұнай өңдеу зауытын салуға кірісетінін хабарлаған болатын.
Жобаның жалпы құны 8 млрд еуроны құрамақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін