«Самұрық-Қазына» шығындарын екі есе қысқартып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Самұрық-Қазына» шығындарын екі есе қысқартып жатыр

«Самұрық-Қазына» шығындарын екі есе қысқартып жатыр

«Самұрық-Қазына» шұғыл түрде шығындарын қысқартып жатыр. Ұлттық әл-ауқат қорының бірқатар жобалары мүлдем тоқтатылса, енді бірі кейінге қалдырылған. Әлемдік қаржы дағдарысына байланысты барынша үнемдеуге мәжбүрміз дейді ондағылар.

  • 11 Тамыз 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Берік Бейсенғалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі:

—  Компаниялардың ағымдағы шығыны 405 миллиард теңгеге, жалпы әкімшілік шығындар  55 миллиард теңгеге, ал капиталдық салымдар 18 пайызға қысқарды. Осылайша, компаниялардағы жаңа жобаларды қайта қарап шығып,  тоқтата тұруға болатындарын кейінге қалдырдық.

Мәселен, «ҚазМұнайГаздың» жанынан салынады деп жоспарланған бірнеше жанар-жағар май құю бекеттерінің құрылысы тоқтатылыпты. Сөйтіп, «Самұрық» одан 235 миллиард теңге үнемдеген. Бірақ «Нұрлы жол» және «ЭКСПО-2017» сынды мемлекеттік бағдарламалар аясындағы индустриялық жобалар әрі қарай жүзеге асады. Оларға шектеу болмайды. Яғни отандық өндірісті дамытуға бағытталған, жоғары сұранысқа ие жобаларды қаржыландыру тоқтамайды. 

Соңғы жаңалықтар